Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

Облыс әкімдігі алаңында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынның негізгі тақырыбы қаржылық қылмыстарды жүзеге асыруда жиі қолданылатын қауіпті тетіктердің бірі — дропперлік мәселесіне арналды.

Кеңес жұмысына БҚО бойынша ЭТТД басшысының орынбасары А.Б.Ахметов, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, білім беру саласының қызметкерлері, аудан әкімдері, жоғары оқу орындары мен колледж директорлары қатысты. Қатысушылар азаматтардың, әсіресе жастардың, заңсыз қаржылық операцияларға тартылуы алдын алу шараларын күшейтуді талап ететін өзекті мәселе екенін атап өтті.

Талқылау барысында дропперлікке байланысты негізгі тәуекелдер айқындалып, мемлекеттік органдардың, қаржы секторының және білім беру ұйымдарының бірлескен әрі жүйелі әрекет етуінің маңыздылығы атап көрсетілді. Профилактикаға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және халықты уақтылы ақпараттандыруға ерекше назар аударылды.