
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Oral jastary» волонтерлер корпусымен бірлесіп, азаматтарды қаржылық пирамидаларға қатысудың тәуекелдері туралы халықты ескертуге бағытталған профилактикалық іс-шараны өткізді.
Іс-шара барысында қаланың басты көшелерінің бірінде азаматтарға ақпараттық парақшалар таратылды. Бұл парақшаларда қаржылық пирамидалардың белгілері мен инвестициялық ұсыныстарды таңдауда сақ болу шаралары түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты — халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуына жол бермеу болып табылады.