
БҚО бойынша ЭТТД АМІЖ тергеушісі «Белсенді ұстаным» телебағдарламасының кезекті шығарылымында қатысып, қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі — алаяқтықтың түрлі түрлері туралы сөз салды. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық сананы манипуляциялау тәсілдерін, кибералаяқтықтың даму жолдарын және қаржылық әрі цифрлық қылмыстардың бүгінгі күні неге ерекше өткір мәселе болып отырғанын талқылады.
Бағдарламаға психолог Марина Чепцова да қатысты. Мамандар кең тараған алдау әдістері, қылмыскерлердің құрбанына айналатын түрлі азаматтық топтар және тәуекелдерді азайтуға көмектесетін сақтық шаралары туралы айтып берді.
Қатысушылардың пікірінше, алаяқтықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен қатар халықтың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруды да қажет етеді.