Терроризмге қарсы комиссия отырысы

Терроризмге қарсы комиссия отырысы

 

 Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы  А.Әбенов облыс әкімі төрағалық еткен терроризмге қарсы комиссияның отырысына қатысты.

Жиын барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу және оларды болдырмау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар,қылмыстық әрекеттерге бейім дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің құқыққа қайшы іс-әрекеттерін анықтау және алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент басшысы ақпараттық алмасу мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттермен байланысты қаржылық ағындарды анықтауда қаржылық барлау мен талдау құралдарын тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Экономикалық тергеу департаменті өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жүзеге асыруда өз құзыреті аясында және мүдделі органдармен бірлесе жұмысын жалғастырады.