Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Кәсіпкерлер палатасы мен Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастырылған құқықтық семинарына қатысты. Өткізілген іс-шара кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің негізгі аспектілерін түсіндіруге бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар бизнес өкілдері мемлекеттік органдарға жүгінген кездегі жиі кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, заңды тұлғаларды, қауымдастықтарды және қоғамдық бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеу, авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, патенттерді және қызмет көрсету белгілерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент қызметкерлері кәсіпкерлік қызмет барысында заңнаманы сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды күмәнді қаржылық схемаларға, соның ішінде жалған тұлғаларды  пайдалануға және көлеңкелі экономиканың басқа да көріністеріне тартылмауға шақырды. Кәсіпкерлерге құқықтық қауіпсіздік пен экономикалық құқықбұзушылықтардан туындайтын тәуекелдердің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара сенімді нығайтып, өңір кәсіпкерлерінің арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Дата публикации
04 июня 2025
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
04 июня 2025
Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жалғасуда
Пайдалы ақпарат
04 июня 2025
Қаржылық пирамидалардың алдын алу шарасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы