Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаменті «Қаржылық мониторинг органдарының жедел -тергеу бөлімшелері (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметкерлерін жоспардан тыс аттестациялаудан өткізу қағидалары, кезеңдері мен мерзімдері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының ағымдағы жылғы 17 наурыздағы № 75-нқ бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.
Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Жамбыл облысы бойынша ЭТТД басшсының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Әкімшілік басқармасына үлгіге сәйкес баянат береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:
1) басшылық лауазымға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сай келмейтіндер (ҚМА 2021 жылғы 01 наурыздағы №5-жқ бұйрығы);
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары немесе әкімшілік қызметтік құқық бұзушылықтары үшін жазалары барлар;
3) қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан тұлғалар.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жамбыл облысы ЭТТД Әкімшілік басқармасына хабарласуға болады.
каб. № 22, 35 анықтама телефондары 8 (7262) 347534, электрондық мекенжайлар d.boshaeva@afm.gov.kz; m.zhetigenova@afm.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Жамбыл облысы бойынша
ЭТТД басшысы
ЭТТҚ полковнигі
Р.М.Касимовқа
_______________________
(лауазымы, сыныптық шені)
_______________________
(Т.А.Ә)
БАЯНАТ
Жоғары басшылық лауазымына ұсынылу үшін мені жоспардан тыс аттестацияға қатыстыруыңызды сұраймын.
____________________
(Т.А.Ә.,атағы,лауазымы, қолы)
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаменті «Қаржылық мониторинг органдарының жедел -тергеу бөлімшелері (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметкерлерін жоспардан тыс аттестациялаудан өткізу қағидалары, кезеңдері мен мерзімдері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының ағымдағы жылғы 17 наурыздағы № 75-нқ бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.
Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Жамбыл облысы бойынша ЭТТД басшсының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Әкімшілік басқармасына үлгіге сәйкес баянат береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:
1) басшылық лауазымға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сай келмейтіндер (ҚМА 2021 жылғы 01 наурыздағы №5-жқ бұйрығы);
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары немесе әкімшілік қызметтік құқық бұзушылықтары үшін жазалары барлар;
3) қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан тұлғалар.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жамбыл облысы ЭТТД Әкімшілік басқармасына хабарласуға болады.
каб. № 22, 35 анықтама телефондары 8 (7182) 347534, электрондық мекенжайлар d.boshaeva@afm.gov.kz; m.zhetigenova@afm.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
|
№ |
Лауазым |
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Шешім (жіберілді/ жіберілген жоқ) |
Жіберілмеу себебі |
|
|
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Талдау әзірлемелері бөлімінің бас маманы |
Есенбек Еркін Кенжебекұлы |
жіберілді |
|
|
Алтынбекова Сағыныш Мейрамбекқызы |
жіберілді |
|
||
|
Алдыярова Аида Қайратқызы
|
жіберілді |
|
|
№ |
Лауазым |
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Шешім (жіберілді/ жіберілген жоқ) |
Жіберілмеу себебі |
|
|
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы (уақытша негізгі қызметкер шыққанша 14.03.2026 жылға дейін)
|
Есенбек Еркін Кенжебекұлы
|
жіберілді |
|
|
Әбдіқадыр Сания Жүмәділқызы |
жіберілді |
|
Әңгімелесу және эссе өткізу
КЕСТЕСІ
|
№ |
Лауазым |
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда |
Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты |
Эссе өтетін орны, күні және уақыты |
|
|
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы (уақытша негізгі қызметкер шыққанша 14.03.2026 жылға дейін)
|
1.Есенбек Еркін Кенжебекұлы
|
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 81 2024 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 16-00 |
|
Д.М.Бошаева _________________________________________________
(Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
М. К.Жетигенова _________________________________________
Комиссия хатшысы:
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі әлсіз тұстарды жоюға бағытталған «Qamqor» әлеуметтік жобасын іске асыруда.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Qamqor» жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Д. Әбибуллаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды
18 млн. теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қазақстанда заңды бизнес түрінде электрондық казино және ойын автоматтары жұмыс істейді, олардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына сәйкес тыйым салынған.
Құмар ойындарды заңсыз ұйымдастыру қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың психикалық денсаулығына зиян тигізеді.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 1984 жылғы Луговое ауылының тұрғыны Д. Кемелбековтың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады.
Тергеу барысында азамат Кемелбеков азық-түлік дүкенінен орын жалдап, сертификатталған «Lotomatic» терминалдары түрінде 3 ойын аппаратын заңсыз орнатқаны анықталды.
Д.Кемелбеков сотталды, аппараттар оларды жою үшін мемлекет кірісіне айналдырылды.
Жалпы 2021 жылдың басынан бері Жамбыл облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегінің жолы кесілді.
Жалған терминалды шынайыдан ажырату үшін телефон ғана жеткілікті.
Біріншіден, Lotomatic.kz сайтында картада мекенжайы көрсетілген Lotomatic ресми лотерея терминалдарының тізімін ашыңыз.
Екіншіден, аппараттағы QR-кодты сканерлеңіз, тексеру нәтижесінде «Терминал сертификатталған» деген жазу шығуы тиіс.
Егер Сіз заңсыз ойын аппараттарын үйіңіздің немесе болатын жеріңіздің жанынан тапсаңыз, Агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 1 қазанында Қаржылық мониторинг агенттігінің Алқа отырысы өтті, онда 2021 жылдың 9 айындағы қызмет нәтижелері талқыланды.
Алқа отырысында Қазақстанның ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігін Өзара бағалауға дайындық барысы туралы мәселелер, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Ағымдағы жылы Агенттік Дүниежүзілік Банктің әдістемесі және ФАТФ нұсқаулығының негізінде қылмыстық кірістерді жылыстату тәуекелдеріне бағалау жүргізді.
Тұрақты қаржылық мониторинг кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл индексі бойынша әлемдік рейтингте Қазақстанның позициясын 24 тармаққа (73-тен 97-орынға дейін) жақсартуға мүмкіндік берді.
Агенттік Төрағасы мемлекеттік шығыстарға барынша мұқият мониторинг жүргізу және олардың жұмсалуына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, аумақтық департаменттердің жергілікті атқарушы органдардың қызметіне араласуынан бас тарту керек екендігін ескертті, бұл олардың толыққанды қызметін тоқтатуға әкелуі мүмкін.
«Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Қазір мемлекет экономикалық өсімді қолдауға миллиардтаған қаражат бөлуде. Біз үшін бұл қаражатты жымқыруға жол бермеу басымдыққа ие. Әр теңге өз мақсатына жұмсалуы тиіс», - деп Жанат Элиманов атап өтті.
Сонымен қатар, Агенттік заңды кәсіпкерлік қызметке немесе адал кәсіпкерлердің жеке өміріне араласпауды мақсат етті.
«Адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және рейдерлікке қарсы күрес бойынша жұмыс тәсілдері өзгерді. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге артық қысымды болдырмау бойынша жұмыс жүргізілуде. «Адал бизнес-серіктестер тізілімі» енгізілді, ол ірі көлеңкелі схемаларды анықтауға күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік бермек», - ҚМА төрағасы атап өтті.
Жыл басынан бері 1 508 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді. Аяқталған істер бойынша залал сомасы 60,5 млрд теңгені құрады, оның 43 млрд теңгесін (70%) өтеу қамтамасыз етілді.
Тіркелген қылмыстық істердің негізгі бөлігі (53%) ірі қылмыстық схемалар анықталған ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады.
Тарифтердің негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласында жымқыру белгілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
«Таразэнергоцентр» АҚ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру деректері Тараз қаласында қолданыстағы тарифтерді 15%-ға (жылу және ыстық сумен жабдықтауға) төмендетуге және келесі жылы негізсіз 2 есеге арттыруды болдырмауға негіз болды.
Қаржы пирамидаларының белгілерін алдын ала анықтауға назар аударылып келеді. Сол арқылы 4,1 млрд теңгеге салымдарды тартудың 30 деректерін анықтауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік маңызды бағыттарға ерекше мән берілуде.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірге мамандандырылған балалар және медициналық-әлеуметтік мекемелер тұрғындарының құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен ынтымақтастықтың нәтижесі ретінде лауазымды тұлғаларға қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастауды атап өтуге болады. Олардың әрекеттері нәтижесінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына 376 млн. теңгеге залал келтірілді.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының көлеңкелі экономика үлесін 2025 жылға қарай 15%-ға дейін төмендету туралы тапсырмасын орындау үшін Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.
Алқа қорытындысы бойынша ҚМА Төрағасы жеке құрам тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударып, әріптестерін түпкілікті нәтижеге ұмтылуға шақырды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 қарсы вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда Агенттік жалған вакцинация паспорттарын берудің 30 дерегінің жолын кесті.
Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.
Осылайша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті.
Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.
Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі