Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы өкілдерімен бірлесіп «Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерге қаржылық тәуекелдер мен алаяқтықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
7 қыркүйекте ағымдағы жылы С.Аманжолов атындағы университетте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық мәдениет – студенттердің таңдауы» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ интернет-алаяқтардан, дипфейк технологияларынан және басқа да заманауи алаяқтық түрлерінен қорғану жолдары туралы ақпараттандыру болды.
Іс-шараға спикер ретінде: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің, Полиция департаментінің өкілдері қатысты. Спикерлер өз құзыреттері саласына кіретін және жастар үшін қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша ақпаратпен сөз сөйледі.
Сонымен қатар, жастар арасында адалдық, жауапкершілік, заңды сақтау қағидаттарын қалыптастырудың, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттырудың маңызы атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасуға мүмкіндік алды.
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде
Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.
Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған.
⚠️ Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды.
Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.
👨⚖️ ЖШС басшысы іздеуге жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/PVVmleQDOK74iA
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі – Департамент) «АФМ Online 2026: Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» тақырыбында форум өткізді.
Форумға денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мамандардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, алаяқтық схемаларды тану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін нығайту.
Форум спикерлері ретінде Департаменттің, облыс прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу барысында келесі өзекті тақырыптар қамтылды:
• дропперлердің қызметі және қылмыстық әрекеттерге тартылу тәуекелдері;
• азаматтарды алдау мақсатында дипфейктер мен нейрожелілерді пайдалану;
• киберқауіпсіздіктің негізгі қағидалары;
• цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау және қаржыны басқару мәселелері.
Іс-шара қатысушылардың қаржылық және цифрлық қауіпсіздік бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдағы қаржылық алаяқтық тәуекелдерін төмендетуге бағытталды.
Медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары талқылауға белсенді қатысып, жоғары кәсіби қызығушылық пен белсенділік танытты.
Пікір алмасу барысында қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Талқылау сындарлы жағдайда өтіп, мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастың қалыптасуына ықпал етті.
Департамент қызметкерлері аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шараға белсене қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде ауқымды жұмыстар атқарылды: аумақ тазартылып, аула сыпырылды, шырша көшеттері отырғызылды, ағаштар әктеліп, ғимарат маңы ретке келтірілді.
Осындай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және ұжымның ауызбіршілігін нығайтуға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз! Бірге айналамызды таза, көрікті әрі жайлы етеміз.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Шығыс Қазақстан университетінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістер жан-жақты талқыланды. Бұл өзгерістер еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді айқындап, әділеттілік, ашықтық және есептілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құқықтық жүйенің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Департамент өкілдері үшін аталған жаңашылдықтардың мазмұнын терең түсіну және оларды тәжірибеде тиімді қолдану ерекше маңызға ие екені айтылды. Осы тұрғыда кездесу ғылым мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды диалог алаңы ретінде бағаланды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибесімен және ғылыми көзқарастарымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Мұндай ашық диалог жаңа идеялар мен тұжырымдардың қалыптасуына және болашақ ынтымақтастықтың дамуына жол ашатыны атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікір алмасу тілегі білдірілді.
2026 жылғы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Т.Б. Мукановтың қатысуымен брифинг өтті.
Іс-шара барысында Департаменттің алдын алу, жедел-іздестіру және тергеу қызметінің нәтижелері жарияланды.
Атап айтқанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде:
Департамент көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 17 наурызында ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, прокуратура және бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Кездесу Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, шектеуші шараларды қолдануда тепе-теңдікті сақтауға және бизнестегі әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өтті.
Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары Мұқанов Т.Е. баяндама жасап, өз сөзінде «Біздің міндетіміз — экономиканы қорғау мен адал бизнесті қолдаудың арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға нөлдік төзімділік принципін ұстанамыз»,- деп атап өтті.
Қатысушыларға қабылданған шаралардың қорытындысы туралы айтып өтті.
Атап өтілгендей, кәсіпкерлік қауымдастықпен конструктивті диалогты дамытуға, келіп түскен өтініштерді жедел қарауға және мүмкін кедергілерді болдырмауға ерекше көңіл бөлінеді.
Кеңес қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді одан әрі азайту және бизнестен тығыз өзара әрекеттестікті нығайту жұмысы жалғасатыны атап өтілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде «Тергеушілер кубогы» байқауының финалдық кезеңіне қатысу үшін тергеу бөлімінің қызметкерлері арасында іріктеу кезеңі өтті.
Іс-шараға Департаменттің 1 және 2-тергеу басқармаларынан 10 тергеуші қатысты. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және зияткерлік сайыс жағдайында шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1-орынды аса маңызды істер жөніндегі 1-тергеу басқармасының тергеушісі, СЭР майоры А.Н. Жұманов иеленіп, байқаудың финалында Департамент атынан қатысу құқығына ие болды.
Екінші және үшінші орын алған тергеушілер Тельманова Ж.Д. және Асанқызы Е. Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, талдамалық қабілеттерін дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылғы 24 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысының спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-де Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан білім алушылар мен мекеме оқытушылары арасында дропперлік пен қаржы пирамидаларының қызметін болдырмау мәселелеріне арналған дәрістік сабақ өткізілді.
Іс-шара «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету мақсатында өткізілді, оған 100 ден артық адам қатысты.