2023 жылғы 15 ақпанда ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Кәсіпкерлер палатасы алаңында әдейі банкроттықтың алдын алу фактілері және оған қарсы іс-қимыл саласында экономикалық тергеп-тексеру қызметі мен мемлекеттік салық органдары өзара әрекеттесу сұрақтары жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысында Кәсіпкерлер палатасы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері және облыстың банкроттық басқарушылары қатысты.
Кездесу барысында, Департаменттің жұмыс нәтижелері қаралып, түрлі мәселелер және әдейі банкроттықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша сұрақтар талқыланды.
ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен әдейі банкроттық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
2022 жылы Департамент өндірісінде ҚК-тің 238-бабы бойынша (әдейі банкроттық) 4 қылмыстық іс болды, оның 3 бойынша айыптау үкімі шығарылды, 1 қылмыстық іс өндірісте.