Ағымдағы жылдың 9-ақпанында ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен демеуші ұйым – кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, оларды зейінмен, сүйіспеншілікпен қоршау.
Демалыс аясында балалар кинотеатрда фильм көріп, ойын-сауық орталығына барып, қызықты күн бастан кешті.
Мереке аяқталған соң, балалар өз эмоциясы және әсерлерімен бөлісіп, есте қалған сәттерін айтты.
Орталық басшылығы ұйымдастырған іс-шара үшін алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, Департамент мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.