«Бизнесті қорғаудың экожүйесі» шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес субъектілерінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы – ШҚО бойынша ЭТД кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу.
Жұмыс тобының отырысында 1 тергеу басқармасының басшысы Б.Байниязов бизнес субъектілеріне Департаменттің азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау бойынша атқарып отырған жұмысы туралы айтып, сондай-ақ соңғы уақытта шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қылмыстық істер санының азайғанын атап өтті.
Департаменттің ұйымдық-бақылау басқармасының басшысы Ж.Тайғаранова семинарға қатысушылардың назарына ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға және кәсіпкерлердің экономикалық тергеу қызметіне сенімін арттыруға бағытталған «Бизнесті қорғау» жобасы туралы ақпаратты жеткізді.
Іс шараға ЭТД басқарма басшылары, ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары Әлия Мұқашева және 40 астам кәсіпкер тікелей және Zoom қосымшасы арқылы қатысты.
Кездесу соңында спикерлер бизнес субъектілерінің сұрақтарына толыққанды жауап берді.