
Ағымдағы жылғы 27 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында «Суррогатсыз қала» тақырыбында тікелей эфир өткізілді. Кәсіпкерлер мен тұрғындарға алкогольсіз өнімдерді заңсыз өндіру мен айналымының жолын кесу саласындағы атқарылып отырған жұмыс, сонымен қатар контрфакт сатып алудан өзін қалай сақтандыру туралы айтып берді.
«Суррогатсыз қала» тікелей эфирі ШҚО Кәсіпкерлер палатасының және Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің бірлескен «Адал бизнес» жобасы аясында, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен өткізілді.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Әлия Мұқашева модератор болды.
ШҚО бойынша 2 жедел басқармасының басшысы Ринат Арғымбеков қазіргі уақытта Департамент өткізіп жатқан «Суррогатсыз қала» атты акция туралы айтып берді.