Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 қазанында ZOOM мобильді платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде көлеңкелі экономиканы қысқарту мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР-да саяси партияларды оңайлатылған мемлекеттік тіркеу мәселелері» бойынша онлайн-семинар өткізілді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Нотариаттық палатасының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты жеке және заңды тұлғалар арасында осы тақырыпты жариялау, халық арасында құқықтық мәдениет пен хабардарлықты арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласында көлеңкелі экономиканың құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, және көлеңкелі экономиканың тұрақтандырылуына тигізетін әсері мен көрсеткіштері талқыланды. Сондай-ақ, семинар барысында "Саяси партиялар туралы "Заңмен регламенттелген Қазақстан Республикасында саяси партияларды оңайлатылған мемлекеттік тіркеу тәртібі түсіндірілді.