
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаментінде ШҚО антитеррористік комиссияның қызметін қамтамасыз ету бойынша бөлімнің қызметкерлері С.Нариманов, О.Жұмәділов: «Объектінің аумағында күдікті заттарды тауып алғандағы қызметкерлер мен басшының іс-әрекеті» тақырыбында сабақ өткізді.
Спикерлер объектілерді антитеррористік қамтамасыз ету бойынша іс шаралардың кешені, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау, ТТО объектісінде терроризм актісі орын алған жағдайда оның салдарын азайту сияқты іс шаралар кешені туралы айтып берді.
Сонымен қатар қызметкерлердің назарына күдікті заттарды тауып алу, теракт қауіпі барысындағы іс әрекеттер туралы ақпаратты жеткізді.