Өскеменде бизнесті қорғау бойынша форум өтті

Өскеменде бизнесті қорғау бойынша форум өтті

Өскемен қаласында бизнесті қорғау бойынша форум өтті

2022 жылғы 1 шілдеде Өскемен қаласында кәсіпкерлердің және бақылау, атқарушы органдардың қатысуымен бизнесті қорғау бойынша форум өтті.

«Атамекен» өкілі бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Ұлттық палата қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы А.Молдабеков өзінің баяндамасында құқықбұзушылықтың алдын алуға басты назар аударылып отырғанын атап өтті.

Департамент пен ШҚО кәсіпкерлер палатасының арасындағы екіжақты меморандумға сәйкес кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тығыз байланыс орнатылған, Қазіргі уақытта «Адал бизнес» атты бірлескен жоба жүзеге асырылуда, осы жоба аясында экономикалық тергеу департаментінің қызметімен байланысты бизнестің өзекті мәселелерін шешу, талқылау  жүргізіліп отыр.