Отан қорғаушылар күніне арналған марафон өткізілді

Отан қорғаушылар күніне арналған марафон өткізілді

Ағымдағы жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған 5 км қашықтыққа жүгіруден марафон өткізілді.

Жүргіру нәтижесі төмендегідей болды:

Ерлер арасында 1 орынды аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Жұмәділов Ринат, 2  орынды жедел уәкіл Тургенбаев Айдос иеленсе, 3 орынды екі қызметкер бөліп алды: олар - Сәрсенбаев Мансұр және Арпабаев Данияр.

Әйелдер арасында жедел уәкіл Толбаева Венера бірінші келсе, Департаменттің бас маманы Молдабаева Индира 2 орынға ие болды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.