
2022 жылдың 1 наурызында қызметкерлерді кәсіби дайындау жоспарына сәйкес Департаментте ату негіздері бойынша сабақ өткізілді.
Департаменттің жеке құрамының алдында «ШҚО практикалык ату федерациясы» қоғамыдық қорының президенті В.Ильин баяндама жасады.
Валерий Павлович көрнекі құралдарды қолдана отырып, Макаров тапаншасын қолдану, оны бөлшектеу және жинау тәртібі, сондай-ақ қаруды тазалау және оқу жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ Департамент қызметкерлері атудан алған білімдерін оқу жаттығу кезінде қолданып, өз тәжірибелерін шыңдады.