
|
Тәуелсіздік күні барша қазақстандықтар үшін ұлы мейрам! Тәуеліздік пен теңдік, егемендік пен мемлекет ұғымдар әр халық үшін қастерлі. Бұл күнді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ерекше көңіл күймен атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында департаментте барлық сақтық шарларын сақтай отырып, басшылықтың, жеке құрамның және қаржы полициясы органдары ардагерлерінің қатысуымен мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен бастады. Департамент басшысы Т.Қайыпберген ардагерлер мен жеке құрамды құттықтай отырып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекеттің пайда болғанын атап өтті. Осы күні ата бабамыз аңсаған еркіндік пен тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы уақыттан бастап, бүгінде әлемге танымал өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық»,- деп өз сөзін түйіндеді. Департамент қызметкерлерін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұқайұлы Мерекенов те құттықтап, жас ұрпаққа қиыны мен қызығы қатар жүрер жұмыста сәттілік пен табыс, төзімділік тіледі. Ұлы мереке қарсаңында ерекше көзге түскен қызметкерлер медальдармен, ведомстволық наградалармен, агенттіктің, департамент басшылығының мақтау қағаздарымен марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге біліктілік сыныптары табыс етілді. Меркелік іс шара соңы «Ертіс концерт» ұжымының әртістеріңнің концертімен аяқталды. Барша қазақстандықтарды еліміздің басты мерекесімен құттықтаймыз!
|