
2021 жылғы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тергеу қызметкерлері ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «жанды энциклопедия» форматында өткен іс-шараларға қатысты.
Кітапхана алаңдарында тәуелсіздік жылдары түрлі қызмет салаларында жетістіктерге жеткен өлкеміздің ерекше адамдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын дамытуға үлес қосқан түрлі кәсіби сала қайраткерлерін «Абай» халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының марапаттау рәсімімен ашылды.
Мерейтойлық бағдарламада: Егемен Қазақстанның тарихы мен мемлекеттік құрылысы, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және оның жаңа мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы басылымдарды ұсынатын «Сындарлы 30 жыл – 30 асу» / «30 лет созидания – 30 достижений» әдеби көрме – экспозициясы. Көрмені ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының этнографиялық коллекциясы толықтырды.
«Бағдарламаны А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған өлкетану экспедициясының нәтижесі болып табылатын – «Ядролық полигон: тыныштыққа 30 жыл» бейнефильмінің тұсаукесері жалғастырды.
Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана ұжымына пайдалы әрі қызықты көрме үшін алғысымызды білдіреміз.