
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Жедел басқармасының басшысы М.Бекетов Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.
Брифинг барысында Мәрлен Мәлімгерейұлы Департаменттің Шығыс Қазақстан облысы аумағында көлеңкелі экономикаға қарсы атқарып жатқан шаралары туралы баяндады.
Департаменттің қаржы пирамидаларына қарсы тұру бағытында атқарып отырған жұмысы туралы, қаржы пирамидаларын қалай анықтау, оның белгілері туралы айтып берді.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сізге келесі негізгі белгілерді білу қажет:
Мәселен, биылғы жылы Өскемен қаласында ШҚО бойынша ЭТД Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны «Денежный поток» қаржы пирамидасын құру және басшылық жасау фактісімен сотталды.
Тергеу барысында 2019-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынының «WhatsUp» мобильді желісі арқылы «Денежный поток» атты қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарға ақшаларын жоғары пайызбен қайтарамыз деп уәде бергені анықталған.
«WhatsUp» желісі арқылы түрлі жарнама және үгіттеу жұмыстарын жүргізген, салымшыларды түрлі акциялармен қызықтырған, қатысушыларға салымшылардың ақшасы Ресейдің ірі құрылыс компаниясында айналымда деп түсіндірген.
«Денежный поток» қаржы пирамидасының шарты бойынша екі айға салынған қаражат апта сайын 25% қайтарылып отырылады. Мәселен, егер 100 мың теңге салсаң, 8 апта бойына 25 мың теңгеден алып отырасың, яғни соңында 200 мың теңге аласың.
Пирамидаға ақша сала отырып, адамдар екі айдың ішінде 100 пайыз пайда табуды көздеген.
Салымшылар ешқандай келісім шарт жасаспаған, ақшаны ұйымдастырушылардың Каспи Голд картасына жіберіп отырған.
Пирамиданың басында жәбірленушілер пайда көріп отырған, бірақ соңы белгілі болды, ақша қаражаттары аударылғаннан кейін қайтпаған.
Қылмыстық істі тергеу барысында «Денежный поток» қаржы пирамидасының 373 қатысушысы анықталды.
Маманның қорытындысы бойынша қатысушылардың салған салымы -208 миллион теңгені құрады, оның 163 миллион сомасы салымшыларға қайта қайтарылған.
Департаментке 43 адам жәбір көргендері туралы арызбен жүгінді.
Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар ҚР ҚК 217 бабының 3 бөлігі 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.
Құрметті азаматтар, егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз : Өскемен қаласы Новаторов көшесі 7/2 немесе 29-56-51 телефоны арқылы хабарласуға болады.