ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Antikor.live» жобасына қатысты

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Antikor.live» жобасына қатысты

         Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары м.а. М.Тәуекелов «Antikor.live» жобасына қатысты.

Тікелей эфир барысында Марат Кавказұлы Департаменттің Шығыс Қазақстан облысы  аумағында көлеңкелі экономикаға қарсы атқарып жатқан шаралары туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы Департаментте 95 қылмыстық іс тіркеліп оның 48 өндірісі аяқталды. Мемлекетке 1,5 млрд. астам теңгенің  шығыны қайтарылып, 187 миллион теңгенің мүлкіне тоқтам салынды.

Жалған есеп шоттарды жазып беру және ақша қаражаттарын криминалдық қолма қол ақшаға айналдыруға қарсы тұруға бағытталған «STOP-ОБНАЛ» жедел іздестіру шаралары барысында 16 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз қаржы операцияларымен айналысқан ұйымдасқан 2 қылмыстық топ құрықталды. Облыс аумағында заңсыз ойын мекемелерінң жұмысы толығымен тоқтатылды.

Бюджет қаражатын жымқырудың 39 фактісі ашылды. Мәселен «Қамқор» ЖШЖ шеңберінде жетім балалар мекемелерінде ақша қаражатын ұрлаудың 2 фактісі ашылды, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ Департаменттің қаржы пирамидаларына қарсы тұру бағытында атқарып отырған жұмысы туралы, қаржы пирамидаларын қалай анықтау, оның белгілері, қаржы пирамидаларын жарнамалау және оның қызметін жүзеге асырғандары үшін қандай жауапкершілік   қарастырылғаны, қаржы пирамидаларына тап болғанда қайда  жүгіну керектігі туралы айтып берді.

Сонымен қатар желі қолданушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы, оның ішінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталып жатқан шаралар туралы айтып өтті.