Ойын автоматтарынсыз

Ойын автоматтарынсыз

«Ойын автоматтарынсыз»

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыс аумағындағы дүкен, сауда үйлері мен кафе-барларда ойын автоматтарының бар жоғын тексеріп, рейд жүргізуде.

Департамент қызметкерлері ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен базарлардың, дүкендердің иелерін «Ойын-сауық бизнесі» заңының талаптарын сақтауды, ойын аппараттарын қою үшін орынды жалға бергендіктері үшін жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті.

Үй – жай иелерінің заңсыз ойын орындарын ашу үшін орын беру фактілері анықталған жағдайда, олар заңға сәйкес қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Облыс тұрғындары дүкендерде немесе басқа үй-жайларда ойын автоматтарының орналасқаны туралы Департаменттің (8-723-2) - 24-06-05 сенім телефонына хабарласуларына болады.