Департамент қызметкерлері Құрбан айтта жасөспірімдерді бейімдеу орталығына барды

Департамент қызметкерлері Құрбан айтта жасөспірімдерді бейімдеу орталығына барды

Құрбан айт –құрбандық шалу мерекесі. Оның басты мақсаты тұрмысы төмен адамдарға, жетімдер мен мүгедектерге садақа тарату.

Осыған байланысты, науқас жандар мен ата анасы, туыстары жоқ балаларға көмек көрсету - Шығыс Қазақстан  облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаментінің қызметкерлері тұрақты дәстүрге айналды.

Құрбан айт мерекесі аясында Департамент қызметкерлері, балаларға сыйлықтар мен мерекелік көңіл күй сыйлау үшін Өскемен  қаласының жасөспірімдерді бейімдеу орталығына барды.

Қызметкерлер осы жерде тәрбиеленіп отырған ұл қыздармен әңгімелесіп, оларға осынау мереке туралы айтып берді. Балалар оларды ықыласпен тыңдап, Қазақстан халқының салт дәстүрлерін сыйлауға уәде берді.

Сонымен қатар қызметкерлер Өскемен қаласындағы арнайы қызмет көрсету орталығында туыстарының қамқорлығынсыз қалған жандарға да барып шықты. Мұсылманның қасиетті борышы - дәрменсіздерге көмек көрсетуді ескере отырып, осы мекеменің тұрғындарын құрбандық етін апарды.

Орталықтардың өкілдері Департамент қызметкерлеріне айт мерекесі кезінде көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді.