
Қазіргі таңда Департаментте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне көшу, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың І жартыжылдығында барлық мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілмек.
Аталған жүйе азаматтардың өтінішін мемлекеттік органдарға жеткізу уақытын қысқарта отырып, пошталық сервистерді пайдаланбау мүмкіндігін береді.
Жоба азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын жедел қарастыруға толықтай мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:
– мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
– мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
– өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
– мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.