«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың нәтижелері» тақырыбында брифинг өтті

«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың нәтижелері» тақырыбында брифинг өтті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізді.

Негізгі назар өңір экономикасының тұрақтылығына тікелей ықпал ететін салаларға - активтерді қайтару, заңсыз жер қойнауын пайдалану, энергетика және кәсіпкерлік қызметтегі көлеңкелі схемаларды анықтау мен жоюға аударылды.

Есепті кезеңде Департамент өндірісінде мемлекетке келтірілген залал сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 17 қылмыстық іс тергелді.

Тергеу нәтижесінде жалпы құны 1,9 миллиард теңге болатын мүлік пен активтер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Атқарылған жұмыстар нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз етіп, өңірдің қаржы қауіпсіздігі мен инвестициялық тұрақтылығын нығайтуға елеулі үлес қосты.

Брифинг қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз қойған сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап алды.