
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қаржылық қауіпсіздік диктантының (FinIQ) басталғанын хабарлайды. Диктант 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында өткізіледі.
Бастаманың мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтық тәуекелдері туралы хабардарлығын күшейту және жеке қаржыны қауіпсіз басқару мәдениетін қалыптастыру.
Қатысушылар:
Диктантқа кең ауқымды аудитория қатыса алады:
6–11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, барлық саладағы жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қаржылық мониторинг субъектілері.
Өткізу форматы:
Іс-шара онлайн форматта 20 сұрақтан тұратын тест түрінде ұйымдастырылады:
Нәтижелер және марапаттар:
Азаматтардың қаржылық сауаттылығы мен қырағылығын арттыру – ұлттық қаржылық қауіпсіздік стратегиясының маңызды бөлігі.
Агенттік еліміздің барлық тұрғындарын диктантқа қатысып өз білімдерін тексеруге шақырады бастамаға қосылып, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуға үндейді.
Барлық сұрақтар бойынша ШҚО бойынша ЭТД 26-66-53, 57-89-99 телефондары бойынша хабарласа аласыздар.