ШҚО бойынша ЭТД: ШҚО кәсіпкерлер палатасында қабылдау жүргізілді

ШҚО бойынша ЭТД: ШҚО кәсіпкерлер палатасында қабылдау жүргізілді

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың «DamuBala» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілердің проблемалық мәселелеріне арналған мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер қатысқан кездесу өтті.

Кездесу барысында платформада тіркелу тәртібі, ваучерлерді бөлу мәселелері қаралды. Қызмет көрсетушілер платформа жұмысының кемшіліктері мен балаларды үйірмелер мен секцияларға қабылдау кезіндегі қиындықтар туралы айтты.

 Кездесу қорытындысы бойынша өкілетті органдарға аталған сұрақтарды бірлесе шешу бойынша  өкілетті органдарына жазбаша түрде жүгіну ұсынылды. ШҚО Мәдениет басқармасына анықталған бұзушылықтарды қарау, басқа облыстардың  тәжірибесі зерделеу туралы тапсырылды.