
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету шеңберінде, 2025 жылғы 11 қыркүйекте ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ның базасында, «ESBOL QORY» қорымен және ШҚО студенттер Альянсымен бірлесе отырып, халық арасында дропперліктің жолын кесу тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Студенттердің жиі алаяқтардың құрбаны болып, дропперлар ретінде пайдаланатынын ескере отырып, сабақтың тақырыбы жастар арасында қызығушылық тудырды.
Көрсетілген бейнеролик пен презентациядан бөлек, студенттер осы мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа белсене қатысты.
Іс-шараға 1,2 және 3 курс оқыту студенттері қатысты.
Соңында лекторлар мен студенттер өзара пікір алмаса отырып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзге де өзекті тақырыптарды талқылау үшін осындай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыруға ниет білдірді.