С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлескен мамандандырылған аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.
Жаңа аудиторияда департамент қызметкерлері және университеттің профессор-оқытушылар құрамы экономикалық қылмыстарды тергеуді оқыту бойынша 3 және 4 курс студенттерімен сабақ жүргізетін болады.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микроквалификациялау бағдарламасы жүзеге асырылатын республиканың сегіз университетінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты студенттерді қаржы мониторингі органдарында одан әрі қызмет өткеруге дайындау болып табылады.
Өткізілетін сабақтар барысында студенттер экономикалық қылмыстарға байланысты қылмыстық істерді тергеудің теориялық және практикалық дағдыларын алады, сондай-ақ оларға қылмыстық істің макетін жасау мүмкіндігі беріледі.
Аудитория замануи құрылғылармен және барлық қажетті әдістемелік материалдармен жабдықталған.
Ашылу барысында студенттермен рекрутинг өткізіліп, микроквалификация бағдарламасын өтудің артықшылықтары түсіндірілді.