GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
қаржылық мониторинг
11 июня 2026
Шалғай аудан тұрғындарына қаржылық қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді

     Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Жаңаарқа ауданында қаржылық сауаттылықты арттыру және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көшпелі кездесу өткізді.

     Жаңаарқа ауданы облыс орталығынан 350 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Осыған байланысты тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілерге қаржылық қауіпсіздік мәселелерін тікелей түсіндіру мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

     Кездесу барысында Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қазіргі таңда кең таралған қаржылық қауіптер туралы айтып, азаматтарды заңсыз қаржылық схемалардан сақтандыру жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, лудоманияның қоғамға тигізетін теріс әсері, қаржы пирамидаларының белгілері, «дропперлер» арқылы жасалатын заңсыз операциялар және вейптердің таралу мәселелері талқыланды.

     Қатысушыларға күмәнді инвестициялық ұсыныстарды ажырату, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау және қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдау жөнінде практикалық ұсыныстар берілді. Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандардың кеңестерін тыңдады.

     Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың экономикалық қылмыстарға қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған.

қаржылық мониторинг
11 июня 2026
«Дропперлік пен қаржы пирамидалары: бизнеске төнген жасырын қауіп»

     Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының қызметкерлері мен басшылығына арналған профилактикалық кездесу өткізді.

     Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық қауіпсіздігін арттыру болды.

     Кездесу барысында қаржы пирамидаларының қызмет ету механизмдері, дропперлік схемалардың ерекшеліктері, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері және олардың азаматтар мен бизнеске төндіретін қауіптері жан-жақты түсіндірілді.

     Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері заңсыз қаржылық операцияларға тартылудың салдары мен жауапкершілігі туралы айтып, қаржылық қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берді.

     Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» жобасын жүзеге асыру аясында қаржылық сауаттылықты кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығы арасында кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.

қаржылық мониторинг
11 июня 2026
Жастар арасында дропперлік пен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

     Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Дропперлік және интернет-алаяқтық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

     Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында ұйымдастырылып, оған қаладағы колледждер мен өзге де білім беру ұйымдарының 100-ден астам студенті мен белсенді жастары қатысты.

     Семинар барысында қатысушыларға қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтықтың түрлері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық схемалар, жеке деректерді ұрлау фактілері және заңсыз қаржылық операцияларға азаматтарды тарту тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

     Кездесуде ерекше назар «дропперлік» мәселесіне аударылды. Спикерлер жастарға қылмыстық топтардың азаматтардың банктік карталары мен шоттарын заңсыз ақша аударымдары үшін пайдалану фактілері туралы айтып, мұндай әрекеттердің құқықтық салдары мен жауапкершілігін түсіндірді. Сондай-ақ жеңіл табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарау қажеттігі атап өтілді.

     Іс-шара барысында қатысушыларға интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану жөнінде практикалық кеңестер берілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

     Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жастар арасында профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және жастарды заманауи алаяқтық қауіптерінен қорғауға бағытталған.

қаржылық мониторинг
11 февраля 2026
Ұлытау облысында жергілікті атқарушы органдарға арналған семинар өтті

  Ұлытау облысында жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен қызметкерлеріне арналған семинарда құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, есірткіге қарсы іс-қимыл, қызметтік көлікті пайдалану тәртібі, әдеп нормаларын сақтау және заң талаптарын орындау мәселелері қаралды.

   Семинар барысында экономикалық тергеп-тексеру департаменті штабының бастығы А. Құрбанов құмар ойындардың әлеуметтік және экономикалық салдары, қаржылық қиындықтар, отбасылық жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

   Іс-шара соңында жүйелі профилактикалық жұмыс пен қызметкерлердің кәсіби этикасын сақтау құмар ойындарға тәуелділікпен күресте негізгі факторлар ретінде танылды.

20 ноября 2025
«Халық заңгері» республикалық акциясы Ұлытауда: азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған қадам

   Ұлытау облысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңның үстемдігін нығайтуға бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Бұл шара мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы ашық байланыс орнатуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

   Акцияға Департамент басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері, әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларының мамандары белсенді қатысты. Барлық қатысушылардың басты мақсаты – азаматтарға білікті әрі қолжетімді заңгерлік көмек көрсету болды.

   Арнайы ұйымдастырылған кеңес беру алаңдарында облыс тұрғындары отбасылық, еңбек, әкімшілік заңнама, әлеуметтік қолдау, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру және медициналық қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша тегін құқықтық кеңес алды. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтардың өтініштеріне ерекше назар аударылды.

   Түскен әрбір өтініш мамандар тарапынан мұқият қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Мұндай тәсіл әр мәселені жеке тәртіпте шешуге және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік берді.

   «Халық заңгері» акциясы қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай шаралар халықтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ашық, әділ әрі құқықтық мемлекет құруға елеулі үлес қосады.

қаржылық мониторинг
04 августа 2025
Жаңаарқа ауданында қаржылық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті

     Ұлытау облысының орталығынан 350 шақырым жерде орналасқан Жаңаарқа ауданында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесіп жергілікті тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

     Кездесуге прокуратура мен полиция өкілдері де қатысты. Шара барысында қаржылық сауаттылықты арттыру, экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу, лудомания, қаржы пирамидалары, «дропперлер» схемалары және вейптердің таралу қаупі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

     Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, қосымша ақпарат алуға арналған Telegram-ботқа апаратын QR-коды бар ақпараттық материалдар таратылды.

қаржылық мониторинг
04 августа 2025
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Департамент басшысының м.а. Қалиақпаров М.К. қатысуымен брифинг өтті

      Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департамент басшысының міндетін атқарушы Қалиақпаров М.К. екінші тоқсанның қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

      Спикер заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру фактілерін, криптовалютаны қолдану арқылы жасалған қылмыстық істерді және қаржы пирамидаларына қатысты шараларды баяндады. Атап айтқанда, олардың бірі бойынша айыптау үкімі шығарылған.

      Сондай-ақ, Қалиақпаров алдағы кезеңге арналған негізгі жұмыс бағыттарын атап өтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуды күшейту бойынша жоспарланған шаралар туралы мәлімет берді. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

14 июля 2025
Заң мен тәртіп жолындағы шахмат турнирі

      Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Заң мен тәртіп жолындағы шахмат турнирі» атты облыстық жарыс өтті.

      Турнирдің мақсаты – заң мен тәртіптің үстемдігін насихаттау, құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Сонымен қатар, турнир азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғамда әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.

      Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

24 июня 2025
Қаржылық қауіпсіздік пен заңды білу: Ұлытау облысында «Ашық қабылдау - Zanmen» акциясы өтті

     «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Ұлытау облысы бойынша экномикалық тргеп-тексеру департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп «Ашық қабылдау – Zanmen» атты көшпелі акцияны ұйымдастырды.

      Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер, қаржылық сауаттылық, алаяқтықтың алдын алу және құқықтық хабардарлықты арттыру тақырыптары бойынша кеңес берілді.

     Мобильді кеңес беру пункттері халық ең көп жиналатын жерлерде – ХҚКО-ларда, сауда орталықтарында және ашық алаңдарда орналастырылды. «Көшпелі формат» жастардан бастап зейнеткерлерге дейінгі кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік берді.

     Қатысушылардың пікірінше, мұндай формат қолайлы әрі қолжетімді болды.

24 июня 2025
«Қаржылық қауіпсіздік – болашақтың кепілі»

   Ұлытау облысы бойыша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясыда «Біз алаяқтыққа қарсымыз» атты балалар арасында сурет байқауы өткізді. Байқауға Ұлытау облысының 6-12 жас аралығындағы балалары қатысты.

   Байқаудың басты мақсаты – балалар арасында алаяқтыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыру болды.

   Шара барысында жас суретшілердің еңбегі жоғары бағаланып, қатысушыларға диплом, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы