
СҚО бойынша ЭТТД Еңбек мобильділігі орталығы өткізген «Еңбек ет және жетістікке жет» облыстық бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысты. Мақсаты – экономикалық тергеу қызметіне деген қызығушылықты арттыру және қызметке жас, сауатты және мақсатты мамандарды тарту. Іс-шара барысында қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырылып, қаржы мониторинг органына қызметке кіру тетігі түсіндіріліп, үлестірме материалдары ұсынылды.