Басқарма жұмысындағы маңызды мәселелердің бірі қаржы мониторингі органдарының имиджін көтеру болып табылады.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан бойынша ЭТТД бастамасымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қабырғасында профессор-оқытушылар құрамымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мұғалімдерге қаржы мониторингі органдарының жұмысының негізгі бағыттары, сонымен қатар қаржылық пирамидалар, құмар ойындарға тәуелділік және қаржылық сауаттылық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дайындалған бейнематериал көрсетілді.
Экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа орналасу туралы да ақпарат берілген. Соңында тараптар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.