Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-туксеру департаменті жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістерді жалғастыруда.
Сабақтар барысында қаржылық пирамидаларға тән белгілер мен қаржылық алаяқтық түрлері түсіндіріліп, аудиторияны тартуға және студенттер тарапынан қызығушылықты арттыруға ықпал ететін ситуациялық тапсырмалар талданады.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық қамтамасыз етудің негізгі ұғымдары мен әдістерін қалыптастыру.
Дәріс соңында оқытушылар құрамы мен студенттер дәрістердің мазмұндылығына ризашылықтарын білдірді.