Солтүстік Қазақстан облысы бойынша алкоголь өнімдерін өндіретін 2 жасырын цехтың қызметін тоқтатты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша алкоголь өнімдерін өндіретін 2 жасырын цехтың қызметін тоқтатты

 Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша Петропавл қаласының тұрғынына қатысты көрінеу жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін сату фактісі бойынша қылмыстық іс жолданды, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жалпы сомасы 33 181 240 теңге алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді.

Сондай-ақ, Департамент құрамында спирт бар өнімдерді өндірумен, сақтаумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласының қойма үй-жайларының бірінде құрамында спирт бар 3т-тан астам өнім, таза спирт-10 т тәркіленді.

Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.