Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген отын беру және мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуін өткізді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген отын беру және мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуін өткізді

Ағымдағы жылдың 5 тамызында облыс әкімдігі алаңында облыс әкімінің, облыс прокурорының, облыс әкімдігінің салалық басқармалары басшыларының, Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілінің, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жеткізушілердің операторларының және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өкілдерінің қатысуымен «Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті отын беру және мұнай өнімдерінің бағасын реттеу» туралы жұмыс кездесуі өтті.

Кеңесте арзандатылған отынды алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.

Сондай-ақ, жеңілдікті несиелеу бағасының жетіспеушілігі мен көтерілуіне байланысты уәкілетті органдар мен ұйымдар тарапынан құқыққа қайшы фактілер туралы ақпараттандыру мақсатында Департаменттің жедел желісінің телефондары жұртшылықтың назарына жеткізілді.

Кездесуге қатысушылар проблемалық мәселелерді шешу, өңірдегі әлеуметтік шиеленіс пен жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Департаменттің бақылауында.