Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттік қызметкерлер арасындағы мемлекеттік қызметкер күніне арналған Спартакиадаға қатысты. Ол 2022 жылдың 26 мамырынан 28 мамыр аралығында өтті. Қатысушылар спорттың жеті түрінен жарысты: волейбол, тоғыз құмалақ, бильярд, қазақ күресі, шағын футбол, үстел теннисі, жүзу.
Өткізілген жарыстардың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің командасы келесі тәртіп бойынша жүлделі орындарға ие болды: тоғыз құмалақ – 1 орын, бильярд – 2 орын, үстел теннисі – 2 орын.
Қосып кетсек, Қазақстанда Мемлекеттік қызметкер күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі.