Халықаралық балаларды қорғау күнін қарсанында

Халықаралық балаларды қорғау күнін қарсанында

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай «Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ-де болып, тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтады.

           Қазіргі таңда мектеп-интернатта әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты отбасынан айырылған 7-17 жас аралығындағы 54 бала тәрбиеленуде.

         Педагогтардың жетекшілігімен балалар шағын, бірақ әсерлі концерт пен театрландырылған көрініс дайындады.

         Департамент қызметкерлері балалар мен тәрбиешілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, балалар мекемесінің материалдық-техникалық базасымен танысты, сонымен қатар балалармен және мұғалімдермен әңгімелесті.          Мектеп-интернат әкімшілігіне балаларға спорттық құрал-жабдықтар мен тәттілер түрінде сыйлықтар берілді.          Интернат директоры департамент басшылығына құттықтаулары үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.