СҚО облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдын-алу іс-шараларын қабылдауға бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударады

СҚО облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдын-алу іс-шараларын қабылдауға бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударады

СҚО облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдын-алу іс-шараларын қабылдауға, халықтың қызметке сенім деңгейін арттыруға, экономикалық қылмыстарды ескерту бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударады.

Жастарға қаржылық алаяқтық түрлері және қаржылық қауіпсіздік ережелері туралы негізгі көзқарастар қалыптасуы үшін жағдай жасау мақсатында Департамент қызметкерлерімен орта мектеп оқушыларына, университет және коледж студенттеріне оффлайн және онлайн форматта дәрістер өткізілді.

Жеке қаржылық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қаржылық алаяқтыққа қарсыласудың тиімділігі үшін бірінші кезекте оның қандай және қалай орын алатынын түсіну қажет.

Дәріс өту уақытында дәріс алушыларға алаяқтықтың түрлері туралы кітапшалар тапсырылды, сонымен қатар, қаржылық алаяқтық жағдайларына байланысты оның теріс салдарының алдын алу бойынша әрекет алгоритмін талқылаумен жағдайлық тапсырмаларға талдау жасалды.

Оқу орындарының басшылығы дәріс алушылармен бірге Департамент қызметкерлеріне қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша дәріс өткізгені үшін алғыстарын білдірді және СҚО жастары үшін осыған ұқсас іс-шараларды өткізу туралы идеяны ықыласпен қолдады.