Қаржылық пирамида

Қаржылық пирамида

«СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті «WhatsApp» мессенджерінде «SWEET MONEY» деп аталатын қаржылық пирамида (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабы) ұйымдастыру фактісі бойынша және 70-тен астам адамды қатыстырып, алаяқтық жолмен қаражатты иеленіп алу фактісі бойынша қылмыстық ісін тергеу үстінде. Аталған жобаның шартына сәйкес, «Kaspi Gold» банктік карточкаларына ақшалай салымдар салу арқылы жобаға кірген салымшылар, салым салынған күннен бастап 6 күн ішінде салым сомасының 50-70% -ын алуға тиіс. Қаржы пирамидасының құрылымына сәйкес қаражат салымшыларға оның жаңа қатысушылары салған қаражат есебінен бөлінеді.
Пирамиданың басты міндеті - жаңа қатысушыларды тарту екенін атап өткен жөн. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты қаражат жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен жоғалады.
Назар аударыңыз!
Егер сіз «SWEET MONEY» осындай әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 8 (7152) 46-38-87 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.