Солтүстік Қазақстан облысында автокөліктер контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында автокөліктер контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөлік құралдарының экономикалық контрабандасын жүзеге асыратын трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі.

Жеткізу арнасын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жолымен рөлі оң жақтан орналасқан автомашиналарды Ресей аумағына Жапониядан әкелген, оларды жалған құжаттар бойынша кедендік тазартуды жүргізген және кейіннен қосалқы бөлшектер түрінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асырған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматтары ұйымдастырды.

  Маманның қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 650,0 млн.теңгені құрайды.

  Тұрғын және қойма үйжайларын тінту барысында ақшалай қаражат, заңсыз қызметті растайтын құжаттар, автокөлік құралдарының жалған техникалық паспорттары, РФ жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері, 60 бірлік автокөлік құралдары, оның ішінде 54 бірлік жеңіл автомобиль (рөлмен оң басқарумен) және 6 жүк көлігі анықталып,  алынды.

  Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  264-бабының 1-бөлігі, 264-бабының 2-бөлігі, 234-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.

  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  234-бабы 3-бөлігі 3-тармағының санкциясы мүлікті тәркілеп, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

  24.02.2021 жылы Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 147 - бабы тәртібінде ұсталғандарға қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

  Тергеу амалдары жүргізілуде.