ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.
Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.
Егер сіз осындай жағдайларға тап болсаңыз, 1458 нөмірі бойынша колл-орталыққа немесе «АФМ Insider» Telegram-боты арқылы ақпарат беруді сұраймыз.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған, жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.
Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген.
Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған.
Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.
Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді.
Соттың санкциясымен олардың мүлкіне — 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.
Тергеу барысында күдіктілер өз еркімен 264 млн теңгені өтеді.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты.
Алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған. Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, оларды алдаған.
Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған.
Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған.
Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік («Tank 500», «BMW X5»), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Бұл мүліктер ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.
Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған.
Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.
Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген.
Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Күдіктілер қамауға алынды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде
2025 жылдың басынан бері:
Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған.
Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған
Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн.
Егер сізге вейптерді заңсыз сатумен кім, қай жерде айналысып жатқандығы белгілі болса — бей-жай қарамаңыз.
Call-center: 1458 нөміріне қоңырау шалыңыз — анонимдікке кепілдік беріледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.
2025 жылдың басынан бері:
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, АФМ-нің «Baiqa, piramida!» атты Telegram-боты арқылы кез келген компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.
Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай ұйымдардың әрекетіне тап болсаңыздар — тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз.
Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы схемаларына салмауға шақырамыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және Тәртіп» нарративі аясында Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың финалын өткізді.
Финалдық кезеңді ашқан Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Е. Раисов қаржылық қауіпсіздік тек алаяқтықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тұрақты, әділетті және заңға бағынатын экономиканың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Олимпиада жастардың адалдықты, ашықтықты және прогресті таңдаған жауапты шешімінің символына айналды.
Олимпиадаға барлығы 3 мыңнан астам студент тіркелді. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде финалға ең үздік 40 студент өтті.
Финалда қатысушылар тестілеуден өтіп, кейстік тапсырмаларды шешті. Осы сынақтардың нәтижесінде Қазақстанды Ресей Федерациясында өтетін Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадада таныстыратын 10 жеңімпаз анықталды.
Бағыттар бойынша жеңімпаздар:
Ақпараттық қауіпсіздік:
Ислам Абдулахадов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
Халил Каландаров – А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚарТУ);
Батырхан Нариманов – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
Экономика:
Альбина Бухарбаева – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
Данияр Жұмаш – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
Вадим Тотьмянин – Тұран-Алматы университеті.
Құқықтану:
Алишер Ким – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
Қуанышбек Аманбаев – Maqsut Narikbayev University.
Халықаралық қатынастар:
Мақсат Тілектес – Maqsut Narikbayev University;
Жасмина Закария – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.
Олимпиада Maqsut Narikbayev University, AML Academy Қаржы мониторингі академиясы, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен сондай-ақ, Қаржылық қауіпсіздік саласындағы Халықаралық желілік институт өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада жай ғана байқау емес, құқықтық мәдениетті нығайтатын, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және болашақтың тұрақты экономикасын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасына айналып келеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған.
Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған.
Қазіргі таңда тергеу аясында 200 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне: 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
Бұл Шымкент қаласында соңғы жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.
Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде
аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.
Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.
Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған
Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған.
Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.
4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі