GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
01 октября 2026
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

      Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Кездесу барысында экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар мен олардың нәтижелері туралы ақпарат беріліп, негізгі жұмыс бағыттары баяндалды. Брифинг соңында Департамент басшысының орынбасары журналистердің сұрақтарына жауап берді.

22 сентября 2026
ЖАСТАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

      Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері студенттерге қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға 320-дан астам студент қатысты. Кездесу барысында лудоманияның зардаптары, қаржы пирамидаларының белгілері және алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бағыттары және қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат берілді.

17 сентября 2026
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

      Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараға IT, Data Management және киберқауіпсіздік бағыттарында білім алып жатқан студенттер қатысты. Кездесу барысында жастарға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге экономикалық қызмет саласында жұмысқа орналасу тәртібі, қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

10 августа 2026
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қармақшы ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қаржы пирамидалары мен лудоманияның зияны, алдын алу жолдары және құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға қаржылық қауіпсіздікке қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Жиын соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент өкілдерінен жауап алды.

 

10 августа 2026
«БІЗ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» КВЕСТІ ӨТТІ

«Шағала» балалар сауықтыру лагерінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында квест өткізілді.

Іс-шараға 4 команда қатысып, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік және логикалық тапсырмалар бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Квест қорытындысы бойынша барлық командалар  диплом,сыйлықтармен марапатталды.

10 августа 2026
ҚАЗАЛЫДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында  Қазалы ауданында тұрғындармен кездесу өтті.

Жиында тұрғындар қаржылық қауіпсіздікке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент өкілдерінен жан-жақты жауап алды. Әсіресе, қаржы пирамидаларының белгілері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары және лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Тұрғындарға айтылған мәселелер  аясында бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық жадынамалар таратылды.

06 августа 2026
ҚАМБАШ ЛАГЕРІНДЕ 120 БАЛА ҚАРЖЫЛЫҚ КВЕСТКЕ ҚАТЫСТЫ

Арал ауданындағы «Қамбаш» лагерінде «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында  квест ұйымдастырылды. Шараға  алты топтан құралған 120 бала қатысып, қаржылық сауаттылыққа арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, командалар қаржы қауіпсіздігі тақырыбында комикстік плакаттар әзірлеп, өз идеяларын шығармашылық тұрғыда ұсынды.Қызықты әрі тартысты өткен квест қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

06 августа 2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Арал ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларының алдын алу, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігін нығайту. Шараға Қызылорда облысы бойынша ЭТТД өкілдері, аудан әкімінің орынбасары және 200-ден астам аудан тұрғындары қатысты. Азаматтарға цифрлық алаяқтықтан қорғану және қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

04 августа 2026
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Нұрланұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған кезекті брифинг өткізді.
Брифинг барысында қаржы пирамидаларының алдын алу, азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

20 июля 2026
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары журналистерге арналған брифинг өткізді.

 Брифинг барысында департаменттің атқарған жұмыстары, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шаралар және өңірдегі өзекті мәселелер туралы айтылды. Сонымен қатар, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, азаматтарды қаржылық алаяқтықтан сақ болуға шақырды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы