
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жаңа жыл қарсаңында қалалық №2 балаларды оңалту орталығына шырша сыйлап, безендіріп, балаларға сыйлықтар жеткізген болатын.
Бұл оңалту орталығы ерекше қамқорлыққа зәру 50 балаға бейімдеу қызметтерін көрсетеді. Орталық ауласын абаттандыруға, ерекше балаларға қажетті құрылғылар мен қондырғылар қойып, икемделуге бағытталған ойыншықтар сыйлауда Департамент ұжымы әрдайым көмек көрсетіп тұрады.
Орталық ұжымынан Департаменттің ізгі ісіне Алғыс білдірілген хат жетті.