
Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп оқушыларына «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесуге 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысып, оларға жеке деректерді қорғау, заңға бағынудың маңызы түсіндірілді. Департаменттің аға жедел уәкілі Гүлназ Сағындықова Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Цифрландыру дәуірінде» ақпараттық гигиенаға аса назар аудару керектігін айтты. Сондай-ақ, кездесуде дроппер,қаржы пирамидасы,лудомания тақырыптарының аясында бейнероликтер көрсетілді.