Қостанай облысының аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі аяқтады.
Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды.
Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған.
Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.
Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Тәркіленген вейптер жойылуға жатады.
Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен «Bitcoin» қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
Заңсыз «майнерлер» 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген «Bitcoin» түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады.
Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Қаржылық мониторинг агенттігі осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.
Құрметті азаматтар!
ҚМА «Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жататынын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және оның айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі «Астана» Халықаралық қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді.
Анықталған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады.
Рейдтер жүргізу барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды.
Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.
Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді.
Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.
Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% - құрайды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментімен 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін төлемсіз заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Мемлекетке келтірілген шығын 591 млн теңгені құрайды.
Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғындары 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік тіркемелерін әкелгені анықталды.
Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген.
Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді.
Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі.
Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.
Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.
35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық Департамент қызметкерлері тұтқындады.
Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді.
ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті АӨК субъектілеріне жайылымдарды суландыруға арналған инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде субсидияларды жымқыру дерегі анықталды.
2018 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын алдау жолымен ЖШС басшысының қатысуымен тұлғалар тобы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды.
Іс жүзінде ЖШС басшысы күн панельдерінің бір жиынтығының бағасын 94,4%-ға, яғни екі есеге арттырған.
Іс сотқа жолданды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігінің басым бағыттарының бірі «STOP ОБНАЛ» жедел-алдын алу шаралары шеңберінде қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл болып табылады.
Агенттіктің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті «STOP ОБНАЛ» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Қостанай қаласы тұрғынының шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Тергеу барысында Ш.Жүргімбеков 2018-2020 жылдар аралығында бақылауындағы «KAZ CENTER CONSULТING» ЖШС, «Астана Транс Глобал» ЖШС, «Астана Снаб Финанс» ЖШС атынан автобөлшектердің құрамдас бөліктерін, күнбағыс дәндерін жеткізуге және басқа да қызметтерді жасауға жалған мәмілелер жасағандығы анықталды.
Бұл ретте, жоғарыда аталған кәсіпорындарда заңды кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті тауарлық-материалдық қор, қоймалар, автокөлік және арнайы техника, қызметкерлер штаты, жарғылық капиталдың мөлшері болған жоқ.
Мемлекетке 998 миллион теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.
Ш.Жүргімбеков коммерциялық ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік функциялармен байланысты басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті ауыл шаруашылығы саласындағы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Азамат Н.Тілеубаев С. Сүлейменовпен және А. Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалықтарының басшыларына бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру схемасын жасаған.
Н. Тілеубаев және директор А. Шәмшадинов «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасты.
Н.Тілеубаев астықты иеленіп, «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС-нің төлем қабілетсіздігінің жалған жағдайларын жасады.
Содан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырды, оларды «GrainExport-NS» ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізді.
Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов және А. Шәмшадинов – 5 жылға сотталды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram
Бюджет қаражатын жымқыру – қауіпті экономикалық қылмыстардың бірі.
Көбінесе жымқырған қаражаттың сомасы әртүрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыра алатын миллиондаған, ал кейде миллиардтаған теңгеден асады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Әулиекөл ауылындағы «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Ветстанцияның бас бухгалтері Ж.Ақмурзина өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карточкалық шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған.
Бұл ретте, төлемдердің негізі «құрылыс қызметтері үшін төлем» деп көрсетілді, бірақ қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар жоқ.
Нәтижесінде Ж.Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды.
Бас бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі