Мемлекет басшысының бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту туралы тапсырмаларын ескере отырып, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрақты негізде инфрақұрылымдық объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатының мониторингін жүргізеді.

Облыс әкімімен жасасқан Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, олардың іске асырылатын жобаларының жобалық құнын төмендету тұрғысынан өңірдің инфрақұрылымдық объектілері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және монополистермен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

22.08.2024 ж. Департаменттің алаңында «Қарағанды Су» ЖШС тапсырыс беруші басшылығының, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің және «Мемлекеттік экспертиза» ШЖҚ РМК облысаралық Департаментінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті. Күн тәртібінде Әлихан Бөкейхан ауданында орналасқан, «Қарағанды Су» ЖШС су тазарту кешенінің 2,3 кезегінің негізгі құрылыстарының блоктарын реконструкциялау» жобасын іске асыру мәселелері қойылды.

Жұмыстың жобалық құны 25 млрд. теңгеден асатыны анықталды, бұл ретте сметалық құжаттамаға сәйкес, жобаның негізгі шығыстары әртүрлі мөлшердегі коррозияға төзімді болаттан жасалған құбырларды сатып алуға жұмсалады екен. Бұл құбырлардың әлеуетті жеткізушісі Атырау облысының бір компаниясы.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, жоғарыда аталған материалдар бойынша өңірдің жекелеген жеткізушілерінің коммерциялық ұсыныстарына іріктеп сұрау салу арқылы дәл осы өнімді неғұрлым тиімді бағамен табуға мүмкіндік береді, бұл ретте айырмашылық 1,9 млрд. теңгені құрайды.

Кеңеске қатысушылар Департаменттің қорытындыларымен келісе отырып, нарықтағы ұсыныстарды ескере отырып, жобаны қайта қарауға және болат құбырлардың құнын төмендетуге міндеттенді.