Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Қарағанды қаласының Мамандандырылған тергеу соты бірлесіп дөңгелек үстел өткізді
07.08.2024 жылы Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Қарағанды қаласының Мамандандырылған тергеу сотының алаңында «Заттай дәлелдемелерді іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Департамент басшысының орынбасары Е.С. Утебаев, Департаменттің 1 Тергеу басқармасының басшысы Е.С. Калиаскаров және Қарағанды қаласының Мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ш.Ж.Жолкенов қатысты.
Кездесу барысында заттай дәлелдемелерді іске асыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша алкоголь немесе темекі өнімдері тәркіленген тоқтатылған қылмыстық істер бойынша тергеу сотына өтініштер жолдауға байлансыты ҚР ҚПК талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 20.05.2024 жылғы №6001-24-2-11/37 түсіндірмесін қолдану туралы шешім қабылданды.