
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді оқытудың 3 айлық курсы өткізілді. 25 шілдеде курс тыңдаушылары қорытынды емтиханды сәтті тапсырды. Департаменттің 15 қызметкерлері мен жұмыскерлері ҚАЗТЕСТ стандарты негізінде А-1 деңгейіндегі қазақ тілін оқыту курсын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.