Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ниверситетінің студенттерімен кедесуі @buketov.university

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ниверситетінің студенттерімен кедесуі @buketov.university

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ниверситетінің студенттерімен кедесуі @buketov.university

Ағымдағы жылдың сәуір айының екінші онкүндігінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Департамент басшылығымен және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң және экономика факультеттерінің студенттері мен магистранттарының кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Қарағанды облысы бойынша ЭТТД басшысы Н.Р. Төлеутай, Департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы К.Г. Избанов, Департаменттің Әкімшілік басқармасының басшысы М.Р. Саттыбаева, сондай-ақ заң факультетінің деканы
А.М. Серікбаева және экономика факультетінің деканы А.Н. Ламбекова қатысты.

Кездесуді аша отырып, Департамент басшысы Н.Р. Төлеутай студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, бұл ретте мұндай кездесулер студенттердің Агенттік қызметі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында өткізілетінін және алдағы уақытта түлектерге болашақ мамандықты таңдауға ықпал ететінін атап өтті.

Сөз сөйлеу барысында, Департамент басшысы қазіргі уақытта экономикалық тергеп-тексеру қызметі қызметкерлерінің қатарында білімнің жақсы деңгейін көрсететін университеттің көптеген түлектері жұмыс істейтінін атап өтті.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары слайдтарда Департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы К.Г. Избановпен айқын көрсетілді.

Одан әрі кездесуді Департаменттің Әкімшілік басқармасының басшысы
М.Р. Саттыбаева жалғастырды, ол студенттерді қызметке орналасу шарттарымен таныстырды, бұл ретте университет студенттері өндірістік практикадан өту кезінде ведомствоның жұмысымен жеке таныса алатынын атап өтті.

Одан әрі кездесу сұрақ-жауап режиміне еркін пікірталас форматына көшті, бұл студенттерге кездесу барысында туындаған және қызықтырған сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік берді.

Университет декандары атап өткендей, кездесу тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар барлық қатысушылар үшін өте қызықты болды.
Кездесуді факультет декандары аяқтай отырып, Департамент басшысына жеке сапары және өткізілген кездесудің ақпараттылығы үшін естелік сыйлық табыстаумен қонақтарға алғыс білдірілді.