
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.
2024 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаметінде жеке құрам үшін академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі Л.К. Кусаинованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында лекция өткізілді.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың өсуін болдырмауға азаматтарды тарту мәселелері талқыланды.
Дәріс соңында Департамент қызметкерлеріне оқуды өткені туралы сертификаттар табысталды.