Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді
2024 жылғы 12 сәуірде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Ашық есік күн»і іс-шарасын өткізді. Оған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университтетінің экономика факультетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Балалар Департаменттің қызметі туралы көптеген қызықты мән-жайларымен танысты.
Әкімшілік басқармасының басшысы М.Р. Саттыбаева Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысы туралы презентация, бейнероликтер, слайдтар көрсетілді және рекрутинг бойынша дәріс өткізді.
Экскурсия барысында балалар Департаменттің тамаша материалдық-техникалық жабдықталуын көре алды, әкімшілік басқарманың жұмысымен танысты. Әкімшілік басқармасының бас маманы – К.Г. Бодрова бухгалтерияның жұмысымен және мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырды.
Департаменттің 1-ші Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М.О. Сейткамалов тергеу бөлімшелерінің жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді, балаларды қаржылық сауаттылық мәселелері қызықтырды.
Криминалистикалық бөлімінің басшысы Д. Айтмұханұлы крим бөлімінің жұмысы туралы айтып, өзінің еңбек қызметіндегі жеке тәжірибесімен бөлісті.
Аналитикалық әзірлемелер бөлімінің басшысы В.И. Ли өз бөлімінің негізгі бағыттары туралы айтып өтті.
Департамент қызметкерлері балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша естелік сурет түсірілді.